Көкшетаулық оқушылар жыл сайын Германиядағы тегін тіл лагеріне барады

Көкшетау оқушылары мұғалімімен Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
№1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Дина Грищенко неміс тілінен сабақ береді. Түрлі тіл жобаларына белсенді қатысқан мұғалім өз мектебін халықаралық PASCH бағдарламасының тізіміне қосуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұғалім өз мектебін PASCH жобасына қосуға 5 жыл бойы күш жұмсаған.

PASCH халықаралық жобасына қатысу мектепті неміс баспаларының оқулықтарымен және оргтехникамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оқушыларымыз да, ұстаздарымыз да тәжірибе алмасу үшін түрлі байқауларға қатысып жүр. 2009 жылдан бері жыл сайын 2-3 оқушымыз Германиядағы тіл лагерьлерінде тегін демалады. Бүгінде түрлі жобаларға қатысудың арқасында 9 түлегіміз Германия мен Австрия қалаларында неміс тілін үйреніп жүр, - дейді Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының неміс тілі мұғалімі Дина Грищенко.

Мұғалімнің белсенді жұмысының арқасында оқушылар жыл сайын Гете институттарының Алматы, Берлин, Мюнхен сияқты қалаларда ұйымдастырған фестивальдеріне қатысып, жеңіске жетіп жүр. Сонымен қатар балалардың фестивальге қатысуы мен сапарларға шығуына іс-шараларды ұйымдастырушылар демеушілік жасайды.

Дина Грищенко мектептегі гимназия сыныптарын көбейтіп, балалардың ауқымды жобаларға қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар ол YouTube арнасын ашып,басқа балаларға білімін бөліспек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз