Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда тісі қақсаса да шыдап жүрген ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 23:45 Сурет: pixabay
Хирург дәрігерлер іріңнің мойынға жетіп, тіндері өле бастағанын айтады. Науқастың ауруханада үш апта жатуына тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

47 жастағы азамат бес күн бойы тісі ауыр са да шыдап, өзінше ем-дом жасаған. Бірақ ауру жазылғанның орнына асқына бастаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ер адам ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, тіпті бір күннен кейін жағдайы тіптен нашарлаған. Дәрігерлер кеуде қуысын тіліп, іріңді құрылғымен соруға мәжбүр болды.

Ауыз қуысында ашық іріңді жара болған, оған қоса мойыны күп болып ісіп кеткен. Диагнозы - "медиастинит". Бұл, шын мәнінде, науқастың өміріне қауіп төндіретін өте күрделі асқыну. Бәрі қарапайым тісжегіден (кариес) басталған. Петропавл қалалық Көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин

Ерназар Әділшиннің айтуынша, 2022 жылы осындай диагноздан екі кісі өліп кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: