Астанада жылыту маусымы басталды

Астана, жылыту, жылыту маусымы Сурет: Zakon.kz
Елордада күннің күрт суытуына байланысты жылу беру маусымы мерзімінен бұрын басталды. 29 қыркүйекте көпқабатты үйлер жылу жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылу жүйесіне қосылды, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ Астанада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары тұрғын үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген.

Жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында көмірдің құнын бекіту бойынша компаниялармен тиісті меморандумдар жасалған. "109" нөмірі бойынша "жедел желі" жұмыс істейді, онда көмірдің қоры, бағасы және тұйық жолдардағы бар-жоғын білуге ​​болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз