Әсел Жанасова Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Әсел Жанасова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы 30 қыркүйекте премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматыда дүниеге келген. Кембридж университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan Өндірісті автоматтандыру және коммуникациялар департаментінің ақпараттық технологиялар бойынша маманы болып бастады.

2016-2017 жылдары «Зерде» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз