Қызылорда облысының әкімі қарттар үйіне барып, ардагерлерді құттықтады

Қарттар күні Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Халықаралық қарттар күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, мұндағы қызметке жүгінетін ардагерлердің жағдайын сұрап, пікірлерін біліп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыр өңірінде 78 мыңнан аса зейнет жасындағы ардагер бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттің қолдауын сезінеді. Аймақта қариялардың лайықты деңгейде өмір сүруі үшін зейнеткерлерді сауықтыру және спорттық шаралармен қамту жұмыстары ұдайы жүргізіледі.

Біз "Қартын сыйлаған елде қасиет бар" деген аталы сөзге бас иген дана халықтың ұрпағы ретінде ардагерлерімізді ардақтап, сый-құрмет көрсетуді перзенттік парыз санаймыз. Абыз ақсақалдыққа, қадірлі қариялыққа жету - өмір мектебінен өткен әрбір адамның мерейлі кезеңі. Сіздер қай уақытта болмасын орамды ойларыңызбен елді берекелі бірлікке, тату тірлікке үндеп келесіздер. Мен Өздеріңізбен орайы келгенде жиірек жолығып, еркін пікірлесіп, кесімді ойларыңыз бен ұтымды ұсыныстарыңызды тыңдауға қашанда әзірмін. Сіздер аман болыңыздар. Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мерейлі сәтте ардагерлерді құттықтауға келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев замандастарына бақ-береке тіледі.

Құттықтау

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгіндері бұл орталықта 250-ге жуық ардагер және мүгедектігі бар азаматтар қызмет алады. Заман талабына сай жабдықталған ғимаратта өткен жылы спорт алаңы салынып, пайдалануға берілсе, биыл қызмет алушылардың рухани демалыстарына ерекше көңіл бөлінбек. Бұл ретте еліміздің тарихи, мәдени орындарына саяхат жасауға шағын автобус сатып алу үшін бюджеттен 21 млн теңге қаржы қаралды.

Қарттар күні

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқосуда облыс әкімі қариялардың игілігіне арнап әлеуметтік орталыққа арнайы сыйлық табыс етті.

Облыс әкімінің жұмыс сапары

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз