Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай веложарыс өтеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2022 13:52 Сурет: zakon.kz
2 қазанда Алматыда тұрақты дамуды ілгерілетуге арналған Orange BeNeLux Bicycle Tour қалалық велошеруі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік астана әкімдігібаспасөз қызметінің хабарлауынша, велошеруге 16 жастан асқан мыңға жуық адам қатысады.

Жалпы қашықтығы – 15 шақырым. Велошеру сағат 9:00-де Розыбакиев көшесіндегі MEGA Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы аумағында басталады. Одан әрі бағыт әл-Фараби даңғылының бойымен жалғасады.

Осыған байланысты Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Малахов көшесіне дейін сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін, әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) - Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта сағат 9.00-ден 9.30-ға дейін (велошеру жүріп өткен сайын қозғалыс ашылып отырады), әл-Фараби даңғылы Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін батыс бағытта - 9.05-тен 10.00-ге дейін жабылады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Велошерудңің бастамашысы – Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі. Велошерудің ұйымдастырушылары – Қазақстан велоспорт федерациясы мен Қазақстан триатлон федерациясы. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Orange BeNeLux Bicycle Tour мына идеяларды ұсынады:

  • велосипедтерді көлік құралы ретінде пайдалану мен жол қауіпсіздігін жақсарту, сонымен қатар оларды тұрақты ұтқырлық пен көлік инфрақұрылымын жоспарлау мен жобалауға біріктіру;

  • барлық адам үшін (ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар) дене тәрбиесін, салауатты өмір салтын, аурудың алдын-алуын, дене және психикалық денсаулық пен салауаттылықты нығайтуды насихаттау;

  • толеранттылықты, өзара түсіністікті және әлеуметтік интеграцияны насихаттау.

Велошеруден кейін AlmaU Университетінде Нидерланды Корольдігінің Елшілігі мен Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының ұйымдастыруымен панельдік пікірталас өтеді.

Талқылау велосипед инфрақұрылымы мен оған қатысты тақырыптарға арналады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қатысушыларға Dutch Cycling Embassy ұйымының "Озық тәжірибе. Нидерландыдағы велосипед мәдениеті" кітабының үш тілде басылған шектеулі даналары беріледі. Талқылауға Urban Forum Kazakhstan, Нидерланды және т.б. сарапшылары қосылады.

Күні мен уақыты: 2 қазан, 09:00 – велошерудің басталуы, 11:00 – панельдік пікірталастың басталуы. Өтетін орны: Mega Center Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы, AlmaU Университеті

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: