Австралия Ресейге қарсы қосымша санкция енгізді

Ресейге қарсы санкция Сурет: Twitter/SenatorWong
Канберра өз-өзін егемен деп жариялаған ДХР, ЛХР-да, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарында референдумдар өткізілуіне байланысты 28 адамға қосымша шектеулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Австралия СІМ сайтындағы мәліметке сәйкес, 28 жоғары лауазымды шенеунікке қатысты қосымша санкциялар салынып, саяхатқа да қатысты тыйымдар енгізілді.

Австралияның Сыртқы істер министрі Пенни Вонгтың айтуынша, жаңа тыйымдарға мақсатты қаржылық санкциялар мен "Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының аумағында өткізілген жалған референдумдарға" байланысты бұл адамдардың елге кіруіне салынған тыйым да жатады.

Мәлімдемеде қосымша санкциялардың "Австралия наразылығының күшеюін" білдіретіні айтылған. Канберра серіктестерімен осы бағыттағы әрекеттерді "үйлестіруге" ниетті.

Бұған дейін РФ Президенті Владимир Путин Кремльде өз-өзін егемен деп жариялаған ДХР, ЛХР және Херсон мен Запорожье облыстарының территориясын Ресейге қосу туралы шарттарға қол қойған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз