IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан алтын медаль еншіледі

Қазақша күрес Сурет: ulttyqatsport.kz
Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны алғашқы алтын медальмен толықты. Қазақша күрестен бақ сынаған Марат Нығматуллаевтың арқасында осындай жоғары жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік туды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта Марат Нығматуллин жеңімпаз атанды. Қазақ күресінің бәсекесіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан да бар.

Жеңімпаз Марат Нығматуллаев финалда моңғол балуанын 2 минутта "таза жеңіс" әдісіне түсірді.

Бұл - Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалі.

Осы ойындар барысында қазақстандық көкпаршылар екінші ірі жеңісіне қол жеткізіп, жанкүйерлерді қуантты. Өзбекстаннан кейін Моңғолия өкілдерін жерлестеріміз 12:2 есебімен сан соқтырды.

Енді финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан көкпаршыларымен бақ сынайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз