Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

жұмыс, компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 10:48 Сурет: pexels
Жүргізуші, жүк тиеуші және шебер 2022 жылы жұмыс іздеушілер арасында ең сұранысқа ие үш мамандық болды. Olx.kz онлайн-жарнама сервисінің сарапшылары 2022 жылдың тоғыз айындағы қазақстандық еңбек нарығына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер арасында да ең көп сұранысқа ие "жүргізуші" мамандығы болды. Жұмыс ұсынатын 10 үздік тізімнің 19%-ы және жұмыс іздеушілер арасында 21%-ы осы мамандықты іздеген.

Қазақстанда жүргізушінің орташа жалақысы 175 мың теңге болды.

Бұл ретте нарықтағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтар - орташа ұсынылатын жалақысы 1 млн теңге болатын "стоматолог" және 930 мың теңге ақысы бар "жүк көлігінің жүргізушісі" мамандықтары.

Жұмыс берушілердің 77%-ы тұрақты жұмысшыларды іздейді. Cәйкесінше өтініш берушілердің 70%-ы мұндай жұмысқа дайын. Жұмыс берушілердің 59%-ы үшін жұмыс тәжірибесінің болуы немесе болмауы маңызды емес, ал жұмыс іздеушілердің 35%-ының жұмыс өтілі үш жылдан аспайды.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің 19% және 23%-ы ауысымдық және икемді жұмыс кестесін ұсынуға дайын. Жобалық немесе уақытша жұмысты жұмыс берушілердің 2%-ы ұсынады.

Бір қызығы, кейбір жұмыс берушілер ғана (1%-дан аз) қызметкерлерді қашықтан жұмысқа қабылдауға келіседі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3% болған еді. Ал жұмыс іздеушілердің 12%-ы қашықтан жұмыс іздейді. Бұл ретте олардың 15%-ы толық емес жұмыс күнін іздесе, 8%-ы жобалық немесе уақытша жұмысты қарастырса, 5%-ы тағылымдамадан өтуді қалайды.

Жұмыс іздеушілердің 68%-ы толық уақытты жұмысқа дайын, үміткерлердің 10% және 12% сәйкесінше икемді кесте бойынша немесе қашықтан жұмыс істеуді қалайды.

Ең көп сұранысқа ие 3 жұмыс бағытына 16% үлеспен "Бөлшек сауда/сату/сатып алу" және "Көлік/Логистика/қойма" және 15% үлеспен "Бар/мейрамхана/кафелер" кіргенін атап өткен жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: