Алматы облысында Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Антикор, полиццуия майоры Сурет: pexels
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылыққа тартпау үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның Telegram арнасының жазуынша, әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін қарумен қорқытқан видео тараған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері (Алматы облысы бойынша-ред.) тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. 22 қыркүйек күні осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 29 қыркүйек күні күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз