Жамбыл облысының әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады

Жамбыл облысы, "Үздік мұғалім", Тараз Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов "Мұғалімдер күніне" орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

Тараз қаласындағы "Баласағұн" орталық концерт залында өткен жиын А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры саханалаған Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын шағын қойылыммен ашылды.

"Ұстаз" әні шырқалып, өңірдегі педагогтердің жетістігі туралы шағын бейнеролик көрсетілді.

Бұдан соң аймақ басшысы білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.

Жамбыл облысы,

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Адам баласы қай заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Оқушы зердесіне асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен – ұстаз. "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" дейді халық даналығы. Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев: "Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі" десе, әлемдегі ең асыл мамандық иесі – мұғалім екендігі сөзсіз! Сіздер өскелең ұрпаққа өмір бойы рухани азық болатын, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білім мен тәрбие бересіздер. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі, жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды, – деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімінің айтуынша, білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда салаға облыс бюджетінің 53%-ы бағытталып отыр.

Ағымдағы жылы 22 білім нысанын салуға 7 млрд 600 мың теңге бөлініп, бүгінге 13 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 4 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлануда.

Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар 4 млрд 100 мың теңгеге 13 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтсе, 3 мектеп пен 2 балабақшада жұмыстар жалғасуда.

Өткен оқу жылы республикалық, халықаралық байқауларда 4557 мұғалімнің жеңімпаз боп танылуы, дарынды оқушыларымыздың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 217 медальді, шығармашылық және спорттық додаларда 1490 жүлделі орындарды иеленуі – облыс ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп білемін. Осы орайда, облысымыздың білім беру саласында абыройлы қызмет етіп жатқан 40 мыңға жуық мұғалімдерге өз алғысымды жеткізгім келеді, – дей келе облыс әкімі аймақты білім саласын жетілдіруге қосып жүрген бір топ педагогтерді марапаттады.

Марапат иелеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі, "Еңбек ардагері" медалі және тағы басқа түрлі номинациялар табыс етілді.

Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Саланатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Жамбыл облысы

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз