Такси болып жүргендердің көлігі тәркіленетіндігі туралы ақпарат жоққа шығарылды

Құлақтандыру Сурет: polisia.kz
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның өздігінен мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі болмаса, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей такси ретінде қызмет ететін фактілер анықталған жағдайда жеке көліктердің тәркіленіп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделген.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адамның өздігінен мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі болмаса. ҚР ҚМ МКК

3 қаңтардағы жағдай бойынша заңсыз такси ретінде жұмыс істегені үшін көлік құралдарын тәркілеу туралы бір де бір дерек тіркелген жоқ.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Жеке кәсіпкерлікті электронды үкімет порталы арқылы (е-лицензирование) немесе "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы,  Kaspi және Halyk банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тіркеуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз