Жаңалықтар тізбегі
0

Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті

Торғай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 22:57 Сурет: Zakon.kz
Киелі Торғай атырабында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы өтті. Ұлы тұлғаның есімін ұлықтауға арналған мерекелік шара барысында еңселі ескерткіш бой көтерді. Арғымақтар аламанға түсіп, палуандар боз кілемде күш сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері ұлы тұлғаның есімін дәріптейтін елеулі  шаралар ЮНЕСКО шеңберінде атқарылды. Торғай төрінде талай экспедиция, келелі конференциялар өтті. Ал Жангелдин ауданының орталығында  Ахмет пен Міржақып мұражайына күрделі жөндеу жүргізілді. Игі мақсатқа 170 миллион теңге жұмсалған. Оған қоса қос арыстың еңселі ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.  

Бұл туынды - Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін, ел үшін атқарған қызметін ұлықтаудың жарқын көрінісі. Сонымен қатар мұндай ескерткіштер арқылы халықтың әсіресе жастардың санасына ұлттың тарихы мен танымын сіңіреміз. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев

Торғай төріндегі той Алашқа аты мәшһүр  зиялы қауымның басын қосты. Ғылыми конференцияда  Ахаңның ғибратты ғұмыры мен ұлттық мүддеге деген адал қызметі айтылды.

Біз Алаш орданың жүз жылдығын, Қазақ газетінің де 100 жылдығын үлкен деңгейде атап өте алмадық.Енді міне құдайға шүкір Ахаңның 150 жылдық тойы дүниені дүбірлетіп, бүкіл әлемнің барлық жерінде тойланып жатыр.  Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялылары мұрасын зерттеу қорының директоры Ғарифолла Әнес

Ахаңа арналған ауқымды шара барысында желдей жүрік  арғымақтар аламанға түсіп, білекті жігіттер боз кілемде белдесті. Күміс көмей әншілер республикалық байқауда бақ сынасты. Торғай тойында топжарған жеңімпаздарға автокөліктен  бастап, қомақты қаржылай жүлде берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: