Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялау күні ауысқанын хабарлады

Ұлттық банк, базалық мөлшерлеме, Республика күні Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-тың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылғы 24 қазаннан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Ұлттық банк өкілдерінің түсіндіруінше, ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр.

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады. Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Zakon.kz тілшісі қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалатынын есептеген еді.

16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді.

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін түзетулерді қабылдады.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз