ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Таққа отыру рәсімі Сурет: Instagram/theroyalfamil
Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімі 2023 жылдың 3 маусымында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Bloomberg өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, жазды.

Ресми рәсім Вестминстер аббаттығында өтеді.

Басылымның хабарлауынша, Ұлыбритания үкіметінде таққа отыруға дейінгі және одан кейінгі күндердің қайсысын демалыс күні деп жариялау мәселесі бойынша пікірталастар жүріп жатыр.

Чарльз әйелі, консорт ханшайым Камилламен бірге таққа отырады.

8 қыркүйекте патшайым ІІ Елизавета Балморал қамалында дүниеден озды.

Чарльз өзіне ІІІ Чарльз есімін алды. Ол 10 қыркүйекте Ұлыбритания королі болып жарияланды. Сонымен қатар, ІІІ Чарльз тағы 14 тәуелсіз мемлекеттің королі болып жарияланады: Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа – Жаңа Гвинея, Сент – Винсент және Гренадин, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайка.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз