Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Қарулы күштерінде қорытынды сынақтар басталды

Қорытынды сынақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 22:59 Сурет: gov.kz
Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде 2022 оқу жылына қорытынды тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған шара барысында әрбір әскери қызметшінің кәсіби деңгейі бағаланатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорытынды сынақтардың мақсаты әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйі мен жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіруде практикалық көмек көрсету болып табылады.

Бас штабтың, әскер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің комиссиялары қазан айында барлық бөлімшелерді тексерістен өткізетін болады.

Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік дағдысының деңгейі, бөлімшелердің үйлесімділігі, жауынгерлік әзірліктің жай-күйі айқындалады. Қару-жарақ пен әскери техниканың жарамдылығы да тексеріледі. Тәрбие жұмысының, құқықтық және әскери тәртіптің, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздік жағдайы зерделенеді. Осы көрсеткіштер бойынша бағыныстағы әскерлерді басқарудың тиімділігін нақты бағалауға болады, – деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері құрамасын тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы полковник Андрей Никифоров.

Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру дайындығын, жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топографияны қамтитын жауынгерлік оқудың негізгі пәндерінен сынақтар тапсырады. Офицерлер құрамының кәсіби дайындығына да айрықша назар аударылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: