Amanat партиясы президенттікке үміткер ретінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Amanat партиясы, Президенттікке кандидат, ҚР президентін сайлау Сурет: akorda.kz
6 қазанда өткен Amanat партиясының XXIV съезінде партия президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Съезд басында Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Amanat партиясының міндеті және біздің тарихи жауапкершілігіміз – барша қазақстандықтарды президенттің озық реформалары төңірегіне топтастыру, – деді Ерлан Қошанов.

Одан кейін партия делегаттары пікір білдірді.

Мәселен, тәжірибелі ұстаз Аягүл Миразова "мемлекет басшысы ішкі-сыртқы саясатта тәжірибесі мол, елдің өткенін, бүгінін, жағдайын терең білетін тәжірибелі тұлға болғанын" қалайтынын айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі балуан, Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов бүгінде елімізде әділетті қоғам құру, халықтың үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жылдар бойы қордаланған мәселелер реттеле бастады... ...Спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жақсы қолдау көрсетіліп жатыр. Барлық өңірлерде әмбебап спорт кешендері салынып, аулалар мен қоғамдық орындарда тренажерлар мен жабдықтар орнатылды. Дәулет Тұрлыханов

Кәсіпкер Анна Яковлева қаңтар оқиғасы кезінде мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін көрсеткенін айтты.

Талқылау қорытындысы бойынша партия мүшелері бірауыздан дауыс берді.

Партияның XXIV съезінің шешімімен Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы бірауыздан ұсынылды.Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды, бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты.

7 қыркүйекте Amanat партиясы сайлауда Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтыны белгілі болды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз