Жаңалықтар тізбегі
0

Гватемалада жүк көлігі жардан құлап, 17 адам қаза тапты

Гватемала, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 12:38 Сурет: unsplash
5 қазанда Гватемаланың оңтүстік-шығысында Конакасет ауылында жолаушылар мінген жүк көлігі жардан құлап кетті. Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында 12 әйел, екі ер адам және үш бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Periodico басылымының хабарлауынша, апат салдарынан 13 адам да түрлі дене жарақаттарын алған, олардың барлығы ауруханаға жатқызылған.

Зардап шеккен тоғыз адамды арнайы көлік, тағы төртеуін жергілікті аурухананың жедел жәрдем көлігі алып кетті. Қазір қаза тапқан 14 адамның аты-жөні анықталды, - деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Зардап шеккендердің бірі жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік жолдан тіке жартасқа ұшып кеткенін айтты. Пикап жүргізушісі қамауға алынды. Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.

Қыркүйек айында Үндістанның солтүстігінде мектеп фургоны сайға құлап кеткен. Оқиға кезінде 11 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Автобуста мектеп оқушылары мен студенттерді қосқанда 40-қа жуық жолаушы болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: