Жаңалықтар тізбегі
0

Қошанов: Біз саяси және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция құрдық

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 12:59 Сурет: Zakon.kz
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия съезінде елдегі кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну үшін халықтық коалиция құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қошанов бұл шешімнің маңызына тоқталды.

Бүгін біз стратегиялық таңдау жасадық. Біз Тоқаевтың төңірегінде бірігіп, бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов

Ол президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатын басқа да партиялар, саяси бірлестіктер бар екенін атап өтті.

Біз осы саяси бірлестіктермен бірігіп, Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік. Түскі астан кейін мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді, барлығымыз қатысамыз.Ерлан Қошанов

Amanat партиясының 24-съезі алаңында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин қоғамдық бірлестіктердің бір кандидатты ұсынуына заңда тыйым салынбағанын айтты.

6 қазанда Amanat партиясы мен Қазақстан халықтық партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: