Жаңалықтар тізбегі
0

Жас қылқалам шеберлерінің "Ай мен Айша" облыстық байқауы мәресіне жетті

байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 13:16 Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі
Осыдан бір ай уақыт бұрын "Анаға тағзым" орталығы жариялаған "Ай мен Айша" жас қылқалам шеберлерінің байқауы өз мәресіне жетті. Әдебиет пен көркем өнерді ұштастыра білген жарысқа 150-ге жуық жас суретші қатысып, үздік картина иелері марапатталды.

Орталықтың ауласына керегелер керіліп, барлық жұмыс сонда ілінді. Келушілердің емін-еркін тамашалауына жағдай жасалды. Қала күні аясында, балалар жылының саясында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудың марапаттау рәсімі ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Жарыстың ережесіне сәйкес, қатысушылар Шерағаңның ардақты анасына​ сөзбен қойған ескерткіші - "Ай мен Айша" романын оқып, әйел-ана образын қылқаламмен бейнелеуге тиіс еді. Олар тек​ сурет салып қана қоймай, көркем сөздің қайнарынан​ қанып ішіп, Айша апаның тағдырын таныды. 20-ғасырда қазақ халқының басынан кешкен зұлмат жылдарын көз алдынан өткізді. Қиындыққа қайыспайтын қазақ анасының қайсарлығын, төзімділігін үлгі етті.

байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 13:16

Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі

Облыстың 8 ауданы мен Тараз қаласынан қатысқан жас суретшілерді әділқазылар жас ерекшеліктеріне қарай бағалады. Бірінен-бірі өткен туындыларды саралап, әділ бағасын беру—қазылар алқасына да оңайға түспеді. Десе де, жарыстың аты жарыс, дарындылар дараланып шығары сөзсіз.

байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 13:16

Сурет: Тараз әкімдігі баспасөз қызметі

Сонымен жас ерекшеліктеріне қарай қатысушылар үш топқа топтастырылып,​ әр топтан 1—І орын, 2—ІІ орын, 3—ІІІ орын тағайындалды. 18 жүлделі және 15 номинациялық орындар белгіленіп, жеңімпаздарға қала әкімінің атынан дипломдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: