Жаңалықтар тізбегі
0

Бес қазақстандық бала Қырғызстанға заңсыз әкетілген

Қырғызстан, Қазақстан, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 15:30 Сурет: pexels
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қырғызстанға алып кетіп, сол жақта жүрген кәмелетке толмаған бес қазақстандық баланы елге қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз бен 2 ұл бала елге қайтарылғанын мәлімдеді.

Бірінші жағдайда 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз жүрген. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды.

Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті.

Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды/немесе жүргізіліп жатыр.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын мемлекеттеріне қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша балаларды қайтаруға қолдау көрсететінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: