Актриса Әсел Асқарова желідегі парақшасында қаралы хабармен бөлісті

Әсел Асқар Сурет: Instagram/assel.askar
Қазақстандық актриса Әсел Асқар 5 қазан күні Instagram желісінде сегіз айлық ұлы Айбарыспен қош айтысқанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсел Асқардың айтуынша, екі апта бұрын баласымен бірге жансақтау бөлімінде түскен, сәбиге туа біткен жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған.

Балам кетті... мені тастап. Күлегешім менің. Жан-шуағым менің. Күнім сол. Жүрегімнің түкпірінде мәңгіге орын тепкен жан-балам. Ол көкке кетті, сол жақты таңдады... Мамаң да келеді артыңнан, - деп қоштасу сөздерін жазған қаралы актриса ақ-қара суретті де жариялады.

Үш күн бұрын Instagram желісінде жарияланған жазбаның астына Әсел Асқар сәби аурумен 6-7 айға дейін күресіп, ақырында шаршағанын жеткізген.

Бұл - өте сирек кездесетін туа біткен патология. Өкінішке қарай, қазір медициналық біліммен болсын бұл ауруды анықтау қиын. Өйткені мұндай патологиясы бар балалар жеткілікті сау келбетке ие. Әдеттегідей жақсы көңіл-күйде болады, айқын белгілері жоқ. Ал мен баламның бірдеңеден қиналып жүр деп ойламадым. Дәрігерлердің өзі баланың өзін ұстауын және анализдерін салыстырып қарағанда, таңғалды, - деп жазды актриса.

Айбарыс 2022 жылдың қаңтарында дүниеге келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз