Мәскеуде Смайылов Мишустинмен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Үкімет басшысының сайтында нақтыланып өткендей, кездесу Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында өтті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты.
Бөлісу
0
Толық оқу