Алекс Болдуин өзі атып, өлтіріп алған оператордың отбасымен бітімге келді

Сот отырысы Сурет: Instagram/alecbaldwininsta/halynahutchins
2021 жылдың қазан айында "Тот" фильмін түсіру кезінде кездейсоқ оққа ұшқан оператор Галина Хатчинстың туыстары актер Алекc Болдуинмен бітімгершілік келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдында Хатчинстар отбасы актер мен Rust Movie Productions, LLC. студиясын сотқа берген.

Осы келісім аясында біздің ісіміз жабылып, тоқтатылады, деп Variety басылымы марқұмның жұбайы Мэтью Хатчинстың сөзін келтіреді.

Сондай-ақ, келісімге сәйкес, "Тот" фильмінің түсірілімі 2023 жылдың қаңтарында қайта жалғасады. Бітімгершілік келісім аясында Мэтью Хатчинс фильмнің атқарушы продюсерлері лауазымын иеленеді.

Біздің барлығымыз Галинаның өлімі қорқынышты жазатайым оқиға болғанына сенімдіміз, - деді Хатчинс.

2021 жылдың 21 қазанында Алекс Болдуиннің қолында Санта-Фе маңындағы Бонанза Крик ранчосында "Тот" фильмі түсіріліміне дайындық кезінде ескі револьвер болды. Ол атқан оқ фильмнің операторы Галина Хатчинсқа тиіп, мерт қылды, сондай-ақ режиссер Джоэл Соуза да жарақат алып, ауруханаға түсті. 2022 жылдың наурызында Болдуин фильмнің продюсерлерін сотқа берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз