Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер демалыс күндері күн күрт суытатынын болжайды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 19:21 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алда қысқа мерзімге күн суытатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

Сонымен қатар, тұман түсіп, жел күшейеді, республикамыздың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қысқа мерзімде сынап бағаны түнгі уақытта -3°С, күндіз +3...+13°С дейін төмендейді деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, республикамыздың батысында түнде +1...+ 9°С, күндіз +15...+25°С болады деп болжанады.

Түнде Қазақстанның оңтүстігінде: +1...+6°С, таулы аудандарда: -2-7°С, күндіз: +12...+20°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: