Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚШҰ-ның халықаралық оқу-жаттығуы жоғары деңгейде өтті – генерал Құсайынов

Оқу-жаттығулар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 21:38 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл-2022" халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов қатысушылар кәсіби деңгейінің жоғарылығын көрсете білгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚШҰ-ның жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің құрамдас бөліктерінің үйлесімді іс-қимыл машықтары "Өзара іс-қимыл" командалық-штабтық, "Іздеу" барлау күштері мен құралдарының арнайы жаттығуы және "Эшелон" әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу-жаттығулары барысында көрсетілді.

Оқу-жаттығудың жабылу рәсіміне ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, Беларусь Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Виктор Гулевич, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов халықаралық оқу-жаттығулардың ауқымы кең және қатысушылар кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.

"Өзара іс-қимыл", "Іздеу" және "Эшелон" оқу-жаттығулары шеңберінде басқару органдарының үйлесімді іс-әрекеті, жауынгерлік әзірлікті және жедел үйлесімділікті жетілдіру бойынша міндеттері орындалды. Қатысушылардың барлығы жақсы нәтиже көрсетті. Жауынгерлік техника мен қаруды кәсіби тұрғыда меңгеру арқылы сіздер дайындық деңгейлеріңіздің лайықты екендеріңізді көрсеттіңіздер. ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов

Басшылық пен қатысушылардың пікірлерінше, оқу-жаттығулар ҰҚШҰ ұжымдық күштері қолбасшылығының әскерлерді басқарудың тұрақтылығы мен үздіксіздігін, далалық машық деңгейін және жедел әрекет ету күштері іс-қимылдарының үйлесімділігін жоспарлаудағы, қамтамасыз етудегі практикалық дағдыларын арттыруға, міндеттерді орындаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін әзірлеуге және меңгеруге мүмкіндік берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: