Павлодарда тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды

Тілдер фестивалі Сурет: Zakon.kz
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында Иса Байзақов атындағы филармонияда "Тіл – достық құралы" атты тілдер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапатталғандар қатарында "Келлаж авлод" өзбек орталығы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Улугбек Ахмедов бар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Cалтанаты шарада Павлодар облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медет Тауасқан сөз сөйлеп, ұлтаралық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Ұлтым өзбек. Қазақстанда туып-өстім. Қазақтардың арасында бірге өскендіктен осы күнде қазақша жақсы білемін. Шымкент қаласында өзбек мектептерінің бірін бітірдім. Қазір Павлодар облысында 5512 Ұлттық ұлан әскери бөлімінде оркестрда концертмейстер болып істеймін. Күнделікті өмірде жұмыста да барлығымыз қазақша сөйлейміз. Павлодар облысында Ассамблея жанында облыстың өзбектер орталығында көп іс-шаралар өткіздік. Жыл сайын "Қазақ тілі – менің тілім" атты фестиваль өткізіп отырамыз. Мемлекеттік меркелердің барлығында шаралар өткізіп, үлес қосып келеміз. Улугбек Ахмедов

Оның айтуынша, Павлодар облысында 2,5 мыңға жуық өзбек тұрады. Олардың барлығы қазақ тілін меңгерген. Басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Төкенов шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, өңіріміздің тіл жанашырлары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысқанын атап өтті.

Бұл дәстүрлі түрде жылда өткізілетін фестиваль. Биылғы ерекшелігі - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен тұспа-тұс келуі. Мерейтой аясында көп шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Негізі тамыз айында тілдер айлығы жарияланған болатын. Бүгінгі шара сол айлықтың қорытындысы десе болады. Сол айлыққа қатысқан азаматтарды жиналдық, - деді Ержан Төкенов.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл бойы тілдік оқыту курстары және басқа да шаралар өтуде. Жыл соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта "Тіл жанашыры" байқауын өткізуді жоспарлап отыр.

Мерекелік шара барысында шақырылған қонақтар үшін ұлттық аспаптар ансамбльдері мен оркестрлердің орындауында әуендер шырқалып, жергілікті әртістер өнер көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз