Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген Джеки Чанның кітабында есімі аталғаны үшін оған алғысын білдірді

Димаш Құдайберген мен Джеки Чан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 11:09 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында танымал актер Джеки Чанның кітабы шығуымен құттықтады. Димаш режиссерға кітап мұқабасында есімі аталғаны үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш 11 қазандағы жазбасында Джеки Чан оның сүйікті актері екенін айтты. Сонымен қатар ол актерды жаңа кітабының шығуымен құттықтады.

Сүйікті актерымды жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүниежүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің "Авангард" фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші ерекше сыйлық үшін алғысын жаудырды.

Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім 迪玛希 (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл - үлкен мәртебе!Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген мен Джеки Чан бір-бірін 6 жылдан бері біледі. 2017 жылы олар Қытай кинофестивалінде ән орындады. Биыл сәуірде Димаш Құдайберген Джеки Чанның өзі үшін ғана емес, барша халық үшін үлгі екенін айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: