Тоқаев Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесті

Кездесуде мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Бөлісу
0
Толық оқу