2023 жылы ТМД-ға Қырғызстан төрағалық етеді

ТМД елдерінің басшылары Сурет: akorda.kz
ТМД Мемлекеттер кеңесінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД-ға төрағалық ету келесі жылы Қырғызстанға өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саммит қорытындысы бойынша келесі жылы ТМД-ға төрағалық эстафетасын Қырғызстанға беру және ұйымның келесі саммитін Бішкекте өткізу туралы шешім қабылданды.Мұхтар Тілеуберді

Ол 2022 жылы Қазақстан ТМД органдарына төрағалық ететінін еске салды.

Бүгін Астанада Достастық саммитін өткізу - біз үшін мәртебе. Еліміздің осы бірлестік аясындағы ынтымақтастықты дамытуға деген көзқарастары баршаға белгілі. Қазақстан Республикасы ТМД форматындағы ынтымақтастықты тереңдетуді сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.Мұхтар Тілеуберді

Оның айтуынша, бұл ұйымды құрудың бастауында Қазақстан тұрды. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мақсаттары мен принциптерін бекіткен Декларация қабылданды. Бұл құжат көпжақты интеграциялық ынтымақтастықтың берік негізін қалады.

Арада отыз жыл өткен соң ТМД өзара түсіністік пен бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген оған мүше мемлекеттердің прогрессивті дамуын қамтамасыз ететін беделді халықаралық құрылымға айналды деп сеніммен айтуға болады.Мұхтар Тілеуберді

Ол осы жылдар ішінде ортақ күш-жігер арқылы ТМД-да тиімді ынтымақтастық тетіктері құрылғанын, берік нормативтік құқықтық база қалыптастырылғанын, ынтымақтастықтың барлық дерлік саласында бірегей тәжірибе жинақталғанын атап өтті.

Министр саммит барысында мемлекет басшылары аталған ұйымның өзектілігін қуаттап, көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген көңіл-күйді атап өткенін және ТМД қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Достастықтағы төрағалығының негізгі қорытындысын жасап, бірқатар практикалық бастаманы алға тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз