Жаңалықтар тізбегі
0

ОСК Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде ресми түрде тіркеді

ОСК, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 12:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі атынан ұсынылған Мейрам Қажыкенді ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау мақсатында еліміздің 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды. Оның барлығы тексерілді, соның ішінде кандидатты қолдаған 120 055 қол сенімді деп танылды ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов

Сондай-ақ, ол президенттікке кандидат ретінде Мейрам Қажыкенді тіркеуге арналған барлық құжаттар уақытылы тапсырылғанын, олардың талапқа сай келетінін де айтты.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "ҚР-дағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну туралы хаттама әзірленді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидат ретінде Мейрам Қажыкенді тіркеу туралы ОСК қаулысының жобасы дайындалды. Шавкат Өтемісов

Отырыста атап өтілгендей, сайлау заңнамасының 59-бабының 5-тармағында көзделген барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде алынды. Осылайша, ҚР президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер орындалды.

Одан бөлек, жиын соңында ОСК төрағасы Мейрам Қажыкенге кандидат куәлігін табыс етті.

3 қазанда тіркелмеген Yntymaq партиясының жетекшісі Мейрам Қажыкеннің "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны белгілі болды.

4 қазанда ол Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын әкеліп өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: