Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмолалық әйел интернет-алаяқтарға 5 миллион теңгесін беріп қойды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 17:06 Сурет: polisia.kz
Ақмолалық әйел интернетте қысқа уақытта көп ақша табуды жарнамалаған сілтемеге өту арқылы алаяқтардың тұзағына ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызданушының айтуынша, 2022 жылдың қыркүйегінде Instagram әлеуметтік желісінде капиталды көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама өз назарын аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық тұрғын бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына бір консультанттан қоңырау түскен.

Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Әйелде бұл алаяқтар болуы мүмкін деген күдік бірнеше рет пайда болған, алайда адамды сендірудің жоғары қабілетіне ие алаяқтар оны сендіріп, сонымен қатар гипноздағандай болған. Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома – 5 миллион теңгеден астам.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

Тәртіп сақшылары Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарына ешбір жағдайда ССV-кодтар мен банк карталарының нөмірлерін хабарламауға, банктің жалған өкілдерінің нұсқауы бойынша қашықтан қол жеткізу қосымшаларын жүктемеуге кеңес береді. Егер біреу алаяқтардың құрбаны болса, дереу банктердің қауіпсіздік қызметіне хабарласып, банк картасын бұғаттап, полицияға жүгіну қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: