Жаңалықтар тізбегі
0

Мәслихат депутаттары Жетісу облысының төлтаңбасын бекітті

Жетісу облысы, төлтаңба, герб, Жетісу облысының гербі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 10:55 Сурет: Zakon.kz
Жетісу өңірінде мәслихат депутаттары облыстың гербін бекітті. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жоба эскизінің авторы – Жетісу облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі, сонымен бірге ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының корреспонтент мүшесі, вице президенті Есет Дәуренбаев.

Жетісу облысының заманауи, ерекше, оңай танылатын өңірлік гербі конкурс нәтижесінде іріктеліп, анықталды. Байқауға суретшілер, фотографтар, дизайнерлер, архитекторлар және қала тұрғындары да қатысты. Жалпы 17 үміткерден 55 эскиз түсті. Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша, Есет Дәуренбаевтыі эскиз жобасы бірауыздан таңдап алынды. Өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланды.

Жер жаннаты - Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан, Мемлекеттік тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды. Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары,Талдықорған қаласының символы "Жетісу монументі", Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген.Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік төлтаңба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде сараптамадан өтті, облыстық мәслихатпен келісілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: