Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Жетісу өңірі еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналады

Жетісу облысы, қант, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 10:12 Сурет: gov.kz
20 қазан күні Жетісу облысының жұртшығымен кездесуінде Мемлекет басшысы елдегі қант тапшылығы мәселесін сөз етіп, Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, еліміздегі 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. Оның біреуі – Ақсу қант зауыты жұмыс істемей тұр. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап облыстық бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды.

Алайда серіктес инвестор тарапынан серпінді жұмыс байқалмай отыр. Биыл жазда елімізде қант бірден қымбаттап, тіпті, тапшылық туындады. Оның бәрі құзырлы органдардың салғырттығының кесірінен болды. Тіпті, тиісті кадрлық шешімдер қабылдауымызға тура келді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Мемлекет басшысы қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленгенін атап өтті.

Оған 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция салу көзделіп отыр. Алдағы 5 жылда өзіміз өндіретін қанттың үлесі 7 пайыздан 43 пайызға дейін өседі.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланғанын" айтты.

Биылғы қант тапшылығы мәселесі өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті. Жәрдем шаралары тек қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы отандық агро секторды қолдау жұмыстарын одан әрі жалғасатынын атап өтіп, "соның арқасында Жетісу өңірі еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналатынын" айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: