Президент Талдықорғанда биыл ашылған тігін фабрикасына барды

"Айсұлу" Жетісу тігін фабрикасы, ҚР президенті, тігін фабрикасы, Талдықорған Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған "Айсұлу" Жетісу тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады.

Жетісу облысы, Талдықорған, тігін фабрикасы

Сурет: akorda.kz

Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді.

Талдықорған, тігін фабрикасы

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты.

Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз