Қазақстанда ғалымдардың жалақысы 70% өсті

ғылым, зерттеу Сурет: akorda.kz
Отандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмады, оның үстіне еңбекақы конкурстардың нәтижеcіне байланысты болатын. Министрліктің хабарлауынша, енді ғалымдар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70%, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми зерттеу институттың кадрлық және ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

Министрлік зерттеуші ғалымдарға қажет жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Ведомство ғалым мамандығының қаржылық тұрғыдан тартымды болуы және маңызды ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі шешілді. Ғылым туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді, – деді министр Саясат Нұрбек.

Қазір министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға, оның ішінде жас ғалымдарға арналған конкурстар жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз