Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент – Самара тас жолында көлік жанып кетті

Түркістан, жол апаты, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 17:34 Сурет: видеодан скриншот
Шымкент – Самара тас жолымен Түркістанға келе жатқан Nissan Elgrand автокөлігі бір бағытта келе жатқан Merсedes Benz жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соғылды. Салдарынан автокөлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz telegram арнасының жазуынша, Ордабасы аудандық полиция бөліміне 20 қазан күні сағат 10.51 шамасында Шымкент – Самара тас жолында жол апаты болғаны туралы хабарлама түскен.

Nissan Elgrand автокөлігінің жүргізушісі Түркістан қаласына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан Merсedes Benz жүк көлігіне, одан соң жол ортасындағы қоршауға соғылған. Көлік сол жерде өртенген.

Салдарынан Nissan Elgrand көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ведомство өкілдері бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: