Жаңаталаптағы 1361 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды

Салтанатты шара Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында Шымкенттің “Абай” ауданына қарасты “Жаңаталап” елдімекеніндегі қосалқы станция іске қосылды. Енді жергілікті 1361 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.

Жаңаталап

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Берілген уәденің уақытылы орындалғанына дән риза халық әкімге алғысын жаудырды.

Арнайы шара

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Біздің бірнеше жылдан бергі мақсатымыз орындалды. Халықпен етене жұмыс істейін ашық үкімет осындай болар. Тұрғындардың уәжін тыңдап, соны жүзеге асыру үшін елді мекенімізде құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді, міне енді бір жылға жетпей, бекітілген мерзім ішінде сапалы электр энергиясын тұтынатын болдық, - деді көпшілік.

Жаңа нысан

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаталапқа 42,190 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1312 бағана орнатылған. Тұрғындар электр қуатын бүгінге дейін жекеменшік желіден тұтынып, әр кВТ үшін 27-30 теңге аралығында төлем жасап келген. Енді олар бұрынғыдан қарағанда тиімді бағамен, яғни 17,9 теңгемен төлем жасайтын болады.

Абонент

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін “Достық”, “Тұран”, “Нұртас”, “Сәуле”, “Жаңаталап” және “Солтүстік саяжай” елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. Құрылыс жұмыстары 100% орындалып, жоспарға сай 2023 жылдан бастап мегаполис тұрғындары электр қуатынан тапшылық көрмейтін болады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз