Жаңалықтар тізбегі
0

Саян Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты

Саян Ахметжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 20:44 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн тәртібіндегі алғашқы іс-шара ретінде Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және қаланың қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, қоғамдық кеңестің құрамы, депутаттық корпус пен БАҚ өкілдері, сондай-ақ агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшесі – Кәкімжан Бишманов және оның әріптестері конференц-байланыс арқылы қатысты.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы принципті ұстаным билік органдарының барлық басшыларына қатысты екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Ахметжанов агенттіктің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдері туралы хабарлады. Халықты толғандыратын салалардағы сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды жою мақсатында республиканың әрбір өңіріне арнайы бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы туралы айтты.

Шымкент қаласының тәуекелдер картасында білім беру, медицина, құрылыс, жер қатынастары, қаржы, полиция, әлеуметтік қорғау және т.б салалар көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері енді проблемалық салалардағы азаматтар мен мемлекет үшін пайдалы әрекет коэффициенті негізінде бағаланады.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Шаттық Өтеев департаменттің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндап, мемлекеттік органдардың жұмысында айқындалған сыбайлас жемқорлық схемаларын атап өтті.

Сондай-ақ, Өтеев жер және тұрғын үй комиссиялары жұмысының, сонымен қатар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, жер қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар туралы хабарлады.

Әкімдікпен және полициямен бірлесіп, полицияның сервистік моделінің жұмысын қайта қарау, сондай-ақ қарапайым жұмыскерлер алымдардан зардап шегетін еңбек ұжымдарының ішінде де сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сондай-ақ бизнесті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен қорғау жөніндегі қызметті жалғастыруды ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: