ҚМА өз қатарындағы қызметкердің ұсталуына қатысты ақпаратқа түсінік берді

Фейк Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ұсталғанын, оның жанында қаруы мен есірткі болған деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілер және түрлі БАҚ-та Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны, оның жанынан қару табылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұрғазы Е.Д. қаржылық мониторинг органдарының қызметкері емес және қазіргі уақытта мұндай қызметкер бізде жұмыс істемейді, делінген хабарламада.

Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде ер адамды ұстаған, көлігін тексеру кезінде есірткі мен мылтық табылған видео тараған болатын. Ол Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері деп айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз