Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент: Қонаев – Рысқұлов жолайрығы ресми түрде ашылды

Шымкент, Республика күні, жолайрық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 16:03 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үшінші мегаполистегі Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырық салтанатты түрде пайдалануға берілді.

25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және тиісті басқарма басшылары, мердігер компанияның жетекшілері қатысты.

Бұл жолайырық былтырдан бері техникалық түрде ашылып, қала тұрғындары пайдаланып келеді. Жобаға қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдері салынып, айнала абаттандырылды. Бұл – мегаполистегі ірі жобаның бірі. Бәріңізге сәттілік тілеймін. Ұлттық мерекеміз құтты болсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент, Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 16:03

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі бастаған топ шынар ағашының көшеттерін екті, жолайырықпен кеңірек танысып, жаяу жүргіншілер арналған өткелдермен жүріп көрді.

Шымкент, Республика күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 16:03

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 16:03

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері берген мәліметке сәйкес, қаланың бас жоспарына сәйкес қолға алынған жолайырықтың құрылысы 2020 жылдың қазан айында басталған. 2021 жылдың соңында, көлік кептелісін азайту мақсатында, техникалық тұрғыда көлік қозғалысы үшін ашылған болатын.

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 16:03

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысының өткізгіштігі тәулігіне 27 775 көлік болса, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне 66 мың көлікке жуықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: