Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде "Айсын" радиожурналистика мектебі балалардың қабілетін шыңдап келеді

Балалар радиосы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 20:19 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл мектептің жетекшісі - журналист, "Тандем" радиосының дикторы, ораторлық шеберлік курсының тренері Байтакова Айсын Мүрсінқызы. Мектептің негізгі мақсаты: оқушылардың сөйлеу шеберлігін арттыру, радиожурналистика саласына бағыттау, көркемсөз, мәнерлеп оқуға баулу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда мектепте 100-ге жуық оқушы білім алып жатыр. Осы бір жыл ішінде оқушылар түрлі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, бас жүлдені иеленді. Тұлға ретінде даму үшін оқушыларға жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған. Қала көлеміндегі, яғни кітапханалардағы іс-шараларға белсенді қатысады. Мамыр айында тәжірибе алмасу мақсатында оқушылар Астана қаласына барып "Қазмедиа" орталығындағы "Қазақ радиосы", "Астана fm" және "Шалқар" радиоларына экскурсия жасады. "Орда fm" радиосының жүргізушісі, диктор Майра Төлепбергенқызы оқушыларға арнайы шеберлік сағатын ұйымдастырды. Таяуда Атырау қаласындағы кезекті байқауға барғанда оқушылар жергілікті "Атырау" облыстық радиосында сұқбат берді.

Айсын радиосы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 20:19

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Айсын" радиожурналистика мектебі республикалық және облыстық газет-журнал басылымдарымен де тығыз байланыста. Соның ішінде республикалық "Үш қоңыр" және "Керек инфо" газеттерінде тұрақты түрде оқушылардың мақалалары жарық көріп отырады.

Балалар жылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 20:19

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Балалар жылы" деп жариялауына байланысты 1 маусымда балаларға әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын жүйелі жолға қою, қарым-қатынастағы сөйлеу тілін жетілдіру, БАҚ арқылы тіл мәдениетін жоғары деңгейге көтеру мақсатында "Айсын" балалар радиосы Aisyn.kz сайтында ашылды. Ол балалардың шығармашылығын шыңдай отырып, балалар әндерін көбірек насихаттауға және олардың  микрофон алдында сөйлеу арқылы қобалжуды жеңу, сөздік қорды нығайтуға бағытталады.

Сабаққа келген әр топтың оқушылары күн сайын "Айсын" балалар радиосында бағдарлама жүргізеді. Мысалы "Жаңа күн", "Поэззия" айдары, "Туған күн" және "Атадан қалған асыл сөз" т.б.

Балаларға арналған БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 20:19

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 "Айсын" радиожурналистика мектебінде тәжірибелі журналистер, тележүргізушілер және театр мамандары сабақ береді.

Алдағы уақытта "Айсын" балалар радиосын облыс көлеміне таратып, аудан, ауыл балаларын тартып, олардың шығармашылығын арттыруға дайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: