Ресейде ішінара мобилизация науқаны аяқталды

Мәлімдеме Сурет: видеодан алынды/РФ Қорғаныс министрлігі
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі запастағы азаматтарды әскери қызметке шақыратын ішінара мобилизация шеңберіндегі барлық іс-шаралар тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости мәліметінше, осы мақсатта пайдаланылған кісі жинау пункттері өздерінің қалыпты жұмыстарына оралады.

Запастағы азаматтарды әскерге шақыру бойынша жұмыс істеген әскери комиссариаттардың жеке құрамы бұрынғы қызметіне оралатыны да айтылады.

РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте ішінара мобилизация науқанын жариялады. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, бұл шара Украинадан босатылған территорияларды бақылау үшін қажет.

РФ Қарулы Күштері запастағы 300 мың азаматты әскер қатарына шақыруды жоспарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз