Жаңалықтар тізбегі
0

"Даму" кеңсесі төбесінің опырылуы кезінде қызметкердің көз жұмуы ісіне қатысты үкім шықты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 23:36 Сурет: "Даму" қоры
Ақтөбе қаласының № 2 соты "Даму" қоры филиалы ғимаратының төбесінің опырылуы кезінде 33 жастағы әйелдің қаза табуы бойынша іске қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасы сот мердігер мекеме директоры мен оның көмекшісі үш жылға бас бостандығынан айырғанымен, сол сәтте олар рақымшылыққа іліккенін хабарлайды.

Олар енді тек жазаның жартысын өтейді.

Тергеу салмағын есептемей, ғимарат шатырына құрылыс материалдарын үйіп жинай берген, соның кесірінен төбе жабындысы ауырлыққа шыдас бермей опырылған деген қорытынды шығарды.

Осылайша екі сотталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, жаза тағайындау қалған. Судья екі сотталушыға үш жыл жаза кескенімен, олар тек бір жарым жыл ғана түрмеде отыратын болды.

Сондай-ақ сотталушыларға марқұмның отбасына 6 миллион теңге төлеу міндеттелді.

Бірақ жақынынан айырылған жәбірленушілер үкіммен келіскен жоқ. Одан бөлек, "қызметкерлерін жұмыстан тыс уақытта еңбекке тартқаны үшін қор басшылары да жазалансын" деп отыр.

Мына беріліп жатқан Қасымбаев пен Манасовтың үш жыл жазасымен  келіспеймін. Үш жылды көбейтуін сұраймын. Кінәлі - "Даму", ауыл шаурашылық та кінәлі. Акті Н1-де көрсетілген. Ауыл шаруашылық "Агро" компаниясы, Ерғазин, оны да кінәлі деп тану керек. Жәбірленуші Жеңіс Мырзагелдин

Айта кетсек былтыр қаланың қақ ортасындағы "Даму" қоры кеңсесінің төбесі опырылып, 33 жастағы қызметкер плита астында жаншылып қалған. Ол сол күні ауруханада көз жұмды. Тағы төрт қызметкердің қол-аяғы сынып, түрлі жарақат алған еді. Осы қайғылы оқиғаға қатысты ғимаратта жөндеу жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының басшылары айыпталған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: