Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ұлттық банкі жаңа коллекциялық монеталар шығарды

Ұлттық банк, коллекциялық монета, Мәншүк Мәметова, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 13:28 Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылғы 4 қарашада "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк өкілдері монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат қосымша жарияланатынын атап өтті.

Монета Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шығарылды.

Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – КСРО Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін "1922" және "2022" деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған "НЕВЕЛЬ" қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде "Кеңес Одағының Батыры" деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 данада.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Коллекциялық монеталар белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: