Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ вальсінің королі - Шәмшінің жаңадан табылған әні халыққа жол тартады

Шәмші әндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 22:46 Сурет: Zakon.kz
Композитор Шәмші Қалдаяқовтың осыдан жарты ғасыр бұрын жазған туындысы екі жыл бұрын табылыпты. Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың бұрын жарыққа көрмеген жаңа әнін ертең қойылатын Шәмші әндерінің кешінде ұсынбақшы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туынды "Мені ойлап жүрмісің"  деп аталады.

Дәстүрлі Шәмші әнінің кешінде үш буын: аға буын, орта буын, жас буын ән орындайды. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде бұрын орындалмаған, орындалса да аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз. Осы жерде де халық ертең соның куәсі болады.  Шәмші әні жылдан жылға айтыла береді. Шәмшітанушы, композитор Қалдыбек Құрманәлі

Жыл сайын өтетін Шәмші әндерінің кешінде талап өзгермейді дейді ұйымдастырушы. Яғни "Ән ағаның" көзі тірісінде жазып кеткен сазды әндерінің сөзі мен ырғағы бұзылмай халыққа жетуі керек. Композиторға арналған кеш ертең Алматыдағы Республика сарайында өтеді. 32 туындысы орындалады.

Сондай-ақ Қалдыбек Құрманәлі концертте жас буындарға да ән айтуға мүмкіндік беріпті. Сол арқылы жастарды Шәмші әндеріне баулу – мақсатымыз дейді.

Ән ағаға арналған байқауды да қайта қолға алуды көздеп отыр.

Айта кетсек, биыл Мемлекет басшысының жарлығымен Шәмші Қалдаяқовқа "Қазақстанның еңбек ері" берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: