Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында ауылдасын сабап өлтірді деген 8 күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

Кісі өлтіру фактісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 21:33 Сурет: Zakon.kz
Атырау облыстық соты Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағаевты өлтіру ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен адам өлтіру, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқаны (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы) үшін айыпталған 8 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Айта кетсек, қайғылы оқиға 2021 жылдың тамыз айында орын алды. Ер адамнан "ауылдан тысқары жаққа шығып кетуі" сұралады, содан кейін ол қатты соққыға жығылады. Оны темірмен ұрып-соғып, басын жарып, аяқ-қолын сындырып, далаға тастап кеткен. Қалбағаевты ауыл шетінен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар байқап, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Ер адам ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Сот ұрып-соғуға қатысқан үшеуді ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды және оларға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тағы бесеуі ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы - "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылды, оларға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 37 млн теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді", делінген сот шешімінде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: