Шымкентте өмірден баз кешкен келіншек биіктен секірмек болды

Оқыс оқиға Сурет: Zakon.kz
102 шұғыл байланыс желісіне "Адия" тұрғын үй кешені тұрғындарынан қоңырау келіп түсті. Олар белгісіз адамның көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, секіргелі тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекші жедел түрде патрульдік полиция полкінің барлық экипаждарына хабарлама жолдадады. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов жауап берді.

Патрульдік полицейлер бірнеше минут ішінде өз өмірлерін қатерге тігіп, көпқабатты үйдің төбесіне көтерілді әрі келіншекті сөзге тартып, назарын аудару арқылы қауіптен құтқарып қалды.

Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Белгілі болғандай, әйелдің үш баласы бар екен. Жүргізілген әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне апарып тапсырды. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына алғыс айтты. Әйел қазір отбасымен бірге.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз