Жаңалықтар тізбегі
0

Әлімханұлы – Бентли. Лас-Вегаста жылдың басты бокс кеші басталып кетті

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 09:45 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
13 қарашада Лас-Вегаста Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентлидің жекпе-жегі ұсынылатын бокс кеші Астана уақытымен 8:00-де басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласты.

Қазылар алқасы шешімін жариялады: Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз деп аталды!

Қазылар берген ұпай:

  • 116 112

  • 116 112

  • 118 110

11:33 - Раунд бастала салысымен Жәнібек оң қапталдан бір соққы жасады, шабуылдауды ары қарай жалғастырды, қос боксшы да әбден шаршады. Соңғы 10 минутта боксшылар жекпе-жекке бар мүмкіндігін салды.

11:29 - соңғы 12 раундтың басы.

11:28 – Жәнібек Әлімханұлы 11 раундта үш жақсы тікелей соққы жасады.

11:25 - 11 раундтың басы.

11:25 - жаттықтырушы Жәнібек Әлімханұлы боксшыға Дензел Бентлиді алға ұмтылуға, шабуылдарды жалғастыруға кеңес берді.

11:24 - жекпе-жектің соңына қарай жекпе-жек жақын қашықтықта өтті. Британдық қорғаныста өзін жақсы көрсетуде.

11:21- 10 раундтың басы.

11:20 – Жәнібек пен Дензел тарапынан бірнеше сәтті соққылар болды. Дензелдің бапкері: "Жәнібек "абдырай" бастады, бас-бас" деп кеңес берді.

11:17 - тоғызыншы раундтың басы.

11: 16 - Жәнібектің бапкері Дензел қарсы шабуылда "не істерін білмей сасқалақтап қалатынын" еске салып, шабуылдарды үдете беруге кеңес берді.

11:13 - сегізінші раундтың басы.

11:12 - екі боксшы да қорғаныста байқастап жүр. Жаттықтырушы Әлімханұлына Бентлидің соққыларынан жалтарып, сол қолымен жұмыс істеуге кеңес берді.

11:09 - жетінші раундтың басы.

11:08 - жекпе-жектің жартысы артта қалды. Боксшылар аздап баяулады, екеуі де қателесіп қалып жатыр.

11:05 - алтыншы раундтың басы.

11:04 - бесінші раундта британдық Дензель Бентли шабуылға шықты.

11:01 - бесінші раундтың басы. Жаттықтырушы Әлімханұлына қос джебке назар аударуға кеңес берді.

11: 00 – төртінші раундта Дензель Бентли белсенді жұмысқа кірісті. Әзірге, Әлімханұлының сериялы соққыларының бір де бірі үлкен жетістік бермеді.

10:57 - төртінші раундтың басы.

10:57 - Әлімханұлы қарсыласын ринг бұрышына тықты. Отандасымыз агрессиялық шабуылын жалғастыруда. Дегенмен Дензел Бентлидің қорғанысы мықты болып шықты.

10:54 - үшінші раундтың басы.

10:52 - Әлімханұлы екінші раундта қарқынын бәсеңдетпеді. Ол британдықтың денесі мен басына соққылар беріп жатыр.

10:50 - екінші раундтың басы.

10:47 - Жәнібек Әлімханұлы шабуылды агрессивті түрде бастады. Дензел Бентли қорғаныста жүр.

10:45 – Әлімханұлы-Бентлидің бірінші раунды басталды.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың мамыр айында британдық боксшы Дэнни Дигнумға қарсы өткізді. Ол кезде отандасамыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Дензел Бентли 2022 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, төртінші раундта британдық Маркус Моррисонды мерзімінен бұрын жеңіп кетті.

Жәнібек Әлімханұлының активінде 12 жекпе-жек бар, оның 8-і нокаутпен аяқталған, бір де бір жеңіліс тіркелмеген. Дензел Бентли 17 жекпе-жек өткізіп, оның 14-і нокаутпен аяқталған, бір жеңілісі бар.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы рингке шығуға дайындалып, сахна сыртында өз кезегін күтіп отыр. Оған атақты Мұхаммед Әлидің немересі келіп амандасып, сәттілік тіледі.

Таңғы сағат 8:00-ден бері 4 жұп шаршы алаңда өнер көрсетіп үлгерді. Олар - Хавьер Мартинез-Марго Дельгадо, Эмильяно Варгас-Хулио Мартинеса, Рэймонд Муратайя-Мигеля Контрераса, Сеньеса Эстрада және Жасмин Гала Вильярино.

Тікелей эфирді мына арадан көре аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: