Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда дүлей дауыл соғып, 40 шақты үй жарықсыз қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 23:45 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда дауыл соғып, айналаны астан-кестен етті. Синоптиктер соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жеткенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 14-15 қарашада қала әкімшілігіне Төле би даңғылындағы №116 және Менделев көшесіндегі №13 үй тұрғындары тарапынан өтініштер келіп түсті. Жел аталған үйлердің шатырын жұлып кеткен.

Білім беру және денсаулық сақтау нысандары шатырының бүліну фактісі тіркелмеді.

"Қазіргі уақытта дауылдың салдарынан "Шаңырақ" ауданындағы электр тарату пунктінен 920-шы трансформатор торабына жүргізілген электр желісі автоматты түрде істен шығып, 28 үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, 15-ші ықшам ауданда (19 учаске) төрт көпқабатты тұрғын үйдің жарығы да апатты жағдайға байланысты автоматты түрде сөндірілді". Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мердігерлік ұйым тұрғын үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, жарық сөнгені жайлы жеке үйлердің тұрғындары тарапынан 16 өтініш келіп түсті. Бұл мекен-жайлар бойынша жөндеу жұмыстарына ТГЭС-тің алты бригадасы жұмылдырылған.

"Ниетқалиев - Жалайыр көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандарындағы тоқты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және кептелістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды". Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дауылдың кесірінен қаладағы 25 билборд (28 баннер), үш архитектуралық темір жабынды, бір қоршау, тағы бір шағын архитектуралы құрылғы бүлінген, оған қоса Тұңғыш Президент саябағында орнатылған, көлемі 6х12 болатын мемлекеттік ту жыртылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: